• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 15 ЖЫЛДЫҒЫ ЛАЙЫҚТЫ АТАП ӨТІЛЕДІ

586 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Конституциясының 15 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыс Президент Әкім­ші­лігі, Конституциялық Кеңес, орталық және жергілікті атқару органдары өкілдерінің қаты­суы­мен бейнеселектор түрінде өтті. Отырыс барысында Қазақ­стан Республикасы Конститу­ция­сының 15 жылдығына ар­нал­ған іс-шараларды ұйымдас­ты­ру және өткізу мәселелері тал­қыланды. Атап айтқанда, 2010 жылдың 30 тамызында Астана қаласында әскери парад және елдің барлық өңірлерінде мерекелік мәдени-бұқаралық, ағартушылық және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру жоспары қаралды. АСТАНАНЫ ДАМЫТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов орталық атқарушы органдар басшыларының қатысуымен Астана қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңесте бірқатар ірі ин­фра­құрылымдық және әлеу­меттік жобаларды, сол сияқты үлестік құрылыс нысандарын жүзеге асыру мәселелері талқы­ланды.