• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2020

Еліміздің бірнеше өңірінде тас жолдар жабық

663 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1755 шақырымды құрайтын 17 учаскеде жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтожол хабарлады.

«Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағытындағы тас жолдар көліктің барлық түрі үшін жабық.

Ақмола облысында 2 бағыттағы автожолдар – «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Нұр-Сұлтаннан Павлодар облысыныңшекарасына дейін, 16- 205 км ), «Екатеринбург-Алматы» (Атбасар қаласынан Нұр-Сұлтанға дейін, 1007- 1247 км ) жабық.

Алматы облысында «Үшарал-Достық» (Көктұма ауылынан –Қасенов ауылына дейін) автожол бөлігінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды. Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктері үшін «Алматы-Өскемен»(Қалбатау ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктері үшін «Алматы-Өскемен» (Қалбатау ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді. Барлық көлік түрлері үшін «Таскескен-Бақты ҚХР шекарасы»

(Тескескен ауылына аналмадан Бахты ауылына дейін) , «Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» (Предгорное ауылынан – Ресей шекарасына дейін), «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» (Ушанов ауылынан –Серебрянқаласына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Сонымен қатар, «Алматы-Өскемен», «Омск-Майқапшағай» (Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін, 756-906 км) автожолучаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылынан – Ақмола облысының шекарасынадейін) және «Қызылорда-Павлодар» (Ленин ауылынан – Қарағанды облысының шекарасынадейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Солтүстік Қазақстаноблысында»Алматы-Екатеринбург» бағыт бойынша қозғалыс шектелді.

«Жолдың нашар көрінуіне байланысты алысқа жолға шығудан бас тартқан жөн.

Егер адамдар жолда қандай да бір жағдайға тап болса, құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөміріне хабарласа алады», - делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.