Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда пайда болған коронавирустың елімізде таралуының алдын алу шараларын атқаруды жүктеді. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.
«Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», - делінген жазбада.