БАӘ тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян соңғы жылдары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда айналымы өсіп келе жатқанын айтты.
«БАӘ Қазақстанның ең бірінші сауда әріптесі саналады. Сонымен қатар Әмірліктердің инвестициясы үшін Орталық Азия ішінде Қазақстан негізгі елге айналды. Осы ретте екі ел арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап өткім келеді. Өткен жылы Әмірліктердің тұңғыш ғарышкері халықаралық ғарыш орталығына Қазақстан жерінен, Байқоңыр стансасынан аттанған болатын. Жоғары мәртебелі Президент мырза, осы аймақтағы ахуалдың қазіргі жағдайы өзіңізге мәлім. Осы ретте Әмірліктердің негізгі саясаты аймақтағы мәселелерді бейбіт жолмен шешу» деді шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян.