• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2020

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы көз жұмды

202 рет
көрсетілді

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы  қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, пилот 21 қаңтарда №4 қалалық клиникалық ауруханадан емханада амбулаториялық емделуге жағдайы тұрақты күйде үйіне шығарылған.

«Емханада кардиолог, хирург, терапевт, психологтардың қарауында болған. Бүгін сағат 18.00-де Жедел жәрдем қызметіне оның жағдайы кенет нашарлап кеткені жөнінде шақырту түскен. Жедел жәрдем дер кезінде келді, жүрек қызметін қалпына келтіру жөніндегі барлық реанимациялық іс-шаралар жасалды, алайда оның барлығы нәтижесіз болды», - деді басқарма өкілі.

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Әуе кемесінің командирі 57 жастағы Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза болды.

Ал екінші ұшқыш Миржан Молдақұлов ауыр жарақат алды, оның омыртқасына күрделі ота жасалған еді.

Қазіргі мәлімет бойынша пилот үйінде көз жұмған. Марқұмды ауруханадан 21 қаңтар күні шығарған. Ұшқыш өлімінің себеп-салдары әзірге белгісіз.