• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2020

Жаңаөзендіктерді Ақтауға көшіру жұмысы жалғасады

1015 рет
көрсетілді

Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтарын Ақтау қаласына көшіру мақсатында Республикалық бюджеттен - 2,9 млрд.теңге және «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан – 1,0 млрд теңге бөлініп, 394 отбасы (1500 адам) баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі таңда 338 пәтер сатып алынып, көшуге ниет білдірген тұрғындар комиссия шешімінің оң қорытындыларын алып, келісім-шартқа отыру жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде 70 отбасы пәтерлерін алды. Ағымдағы жылы қосымша 150-200 пәтер сатып алу жоспарланған. Қызылсай ауылында өрт салдарынан үйсіз қалған 6 отбасыны баспанамен қамту бойынша әкімдік тарапынан жұмыстар ұйымдастырылуда.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында қалаiшiлік және Рахат, Ақсу, Мерей шағынаудандарының автомобиль жолдарын салуға 751,7 млн.теңге жұмсалып, барлығы 18,4 шақырым асфальт төселді.

Ал ауыз су мәселесін шешу мақсатында Кендірлі аумағынан тәулігіне 50 мың текше метрді құрайтын су тұщыту зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл бағытта Жаңаөзен қаласы әкімдігі, «Өзенмұнайгаз» АҚ және ҚазНИПИ мекемесімен 3 жақты меморандумға қол қойылды. Зауыт құрылысы аяқталғаннан кейін, қаламыздың ауыз суға деген қажеттілігі толықтай жойылатын болады.