Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жауапты хатшы С. Нұрлыбайдың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер, комитеттер, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қаржылық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жауапты хатшы жиналғандардың назарына бірінші басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қаржылық тәртіпті сақтау және қатаң түрде қадағалануына назар аударып, сеніп тапсырылған учаскелердегі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдарымен және «Нұр Отан» партиясының филиалдарымен жүйелі түрде өзара әрекеттесуді қамтамыз ету қажет екендігін айтты.
Сонымен қатар, «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – адалдық алаңы» жобасы аясында Комитеттердің барлық аумақтық бөлімшелерінде көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.Сондай-ақ жиында заң қызметі және қаржы департаменттері басшыларының 2019 жылдың қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды