• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2020

Қазақстанға заңсыз ірі қара әкелгендер анықталды

209 рет
көрсетілді

Қазақстанға жалған құжаттар арқылы словакиялық деп чехиялық 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал кіргізілмек болған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, былтырдан бері Қазақстанға Чех Республикасынан ауыл шаруашылық жануарларын (тірідей) кіргізуге уақытша шектеу қойылған. Заңды бұзған кәсіпкерлерге ірі қараны жөнелтуші елге қайта қайтару туралы нұсқау берілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қазақстандық «Агро-Комплекс-Сулышок» компаниясына Словакиядан 50 бас асыл тұқымды ірі қара малын (SEVITA s.r.o. - жүк жөнелтуші) импорттауға ветеринарлық рұқсат берген болатын. Алайда құжаттарды, оның ішінде 2019 жылғы 8 қазандағы SVS /2019/120824- J ветеринарлық сертификатын тексеру барысында жануарлардың шыққан елі Чех Республикасы екені анықталды. Ал Чех Республикасының уәкілетті органдары бірнеше рет жалған  ветеринариялық сертификаттар мен куәліктер беру арқылы қарапайым жануарларды «асыл тұқымды» мал ретінде экспорттау фактілері тіркелген болатын. Бұл жағдай бойынша қазіргі уақытта сот процестері өтіп жатыр. Чех Республикасынан жануарларды әкелуге шектеу қойылуына байланысты АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы «Агро-Комплекс-Сулышок» ЖШС басшылығына жануарларды жөнелтуші елге қайта қайтару қажеттілігі туралы нұсқау берді.