• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2020

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайластық анықталды

501 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметіндегі заңсыздықтар бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінен облыстық Денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізілді.

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ұсынысты енгізуге негіз болған келесідей мән-жайлар:

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік бюджеттен Маңғыстау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалына республикалық бюджеттен 37 млн теңге бөлінген.

Осы бөлінген қаражаттың басты мақсаты – қымбат зерттеулерді жүзеге асыру, соның ішінде онкологияға сезігі бар науқастардың алдын-алуға арналған магниттік-резонанстық томографияларда және компьютерлік томографияларда тегін түсіру.

Өз кезегінде, облыстық Онкологиялық диспансер көзделген шараны жүзеге асыру мақсатында өткен жылдың қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін өзара келісімшарт негізінде «Inivivo» зертханалық лабораториясына әрбір компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияларға түскен адамдар үшін ақша аударып отырған.

Алайда, аталмыш «Inivivo» зертханалық лабораториясының қызметкері онкологияға сезігі бар науқастарды магниттік-резонанстық томографияға тегін түсіру керектігін біле тұра осы зерттеуден өтуге келген адамдардан (науқастардан) алдау жолымен ақша алып, оны иемденіп отырған.

Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алдағы уақытта осы ұсыныс бойынша қабылданған шешім жайында жарияланатын болады.

Маңғыстау облысы