• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Саяси жүйені реформалаудың кезекті сатысы

295 рет
көрсетілді

Демократияны дамытудың маңызды компоненттерінің бірі жергілікті өзін-өзі басқару екені белгілі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – мемлекет пен азаматтық қоғам институттарын дамытумен, елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей ықпал ететін басқа да факторлармен байланысты көп сатылы және қарқынды процесс екенін атап өту қажет.

Ел Конституциясының 33-бабына сәйкес республика азаматтары мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға құқылы.

Демократияны дамытудың маңызды компоненттерінің бірі жергілікті өзін-өзі басқару екені белгілі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – мемлекет пен азаматтық қоғам институттарын дамытумен, елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей ықпал ететін басқа да факторлармен байланысты көп сатылы және қарқынды процесс екенін атап өту қажет.

Ел Конституциясының 33-бабына сәйкес республика азаматтары мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға құқылы.

Бұл конституциялық қағиданы іске асырудағы базалық құжат 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң, сондай-ақ, әкімшілік-аумақтық құрылыс, мемлекеттік қызмет мәселелерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметін реттейтін бірқатар басқа да заң­дар болды. Сол сияқты, жекелеген ауылдық округтерде халықтың қатысуымен әкім­дердің эксперименттік сайлаулары өтті. Басқа сөзбен айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту процесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап жүріп келеді.

Қазір жаңа алғышарттар мен жағдайлар пісіп-жетіліп отыр. Сон­дықтан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу – республикадағы де­мо­кратиялық өзгерістер жүргі­зу­дің кезекті сатысы, саяси жүйені реформалау жолындағы тағы бір қадам болмақ. Оның мақ­саты – халықты мемлекетті бас­қаруға, қазақстандық қоғамды жаң­ғыртуға қатысуға кеңінен тарту.

Жергілікті өзін-өзі басқару­дың тиімді қызмет етуі мен ха­лықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін жергілікті органдарға тиісті өкілеттіктер мен мате­риал­дық-қаржылық ресурс бері­леді. Бұл олардың жұмысына қо­сымша серпін береді.

Өтетін сайлау науқанына жұрт­шы­лықтың тікелей қа­тысуы мақсатында «Сайлауды қа­дағалау жөніндегі респуб­ли­калық қоғамдық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылып, 2013 жылғы 31 шілдеде белгіленген тәртіппен тіркелді. Елімізде мұндай институт қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылған. Оның жарғылық мақсаты азаматтардың сайлау заңнамасын сәтті іске асыруға қатысуы, Қазақстан Республикасында әділ және ашық сайлау өткізуге жәрдемдесу, сондай-ақ қоғамның әртүрлі әлеуметтік-саяси күштерінің өркениетті бәсекелестігі тетігін, азаматтардың саяси мәдениетін жетілдіру болып табылады. Бұл комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді, осы кезеңде де, болашақта да елдегі сайлау процесін жалпы қадағалайды деген сөз.

Республикалық комиссияның құрамына еліміздің танымал қоғам қайраткерлері кірді. Комиссияның мүшелері: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, республикалық бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының пре­­зиденті Раушан Сәрсен­баева, Қазақстанның әлеу­мет­тік-саяси конъюнктурасы ор­та­лығының президенті Есен­жол Алияров, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүше­сі Рахилям Махпирова, Қазақ­стан­ның Азаматтық альянсының директоры Ильдар Катенов, Еуропалық құқық және адам құқығы сараптама институтының директоры Марат Башимов, Демократия институтының жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинская, Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Роллан Құспан.

Комиссия 1 тамызда журналис­тер мен Қазақстан жұртшылығы үшін өз жұмысының басталуы жөнінде брифинг өткізіп, сайлау процесін қадағалауда әділ және шынайы болуға дайын екенін жариялады. Комиссия жанынан жұмыс штабы, қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған, сенім телефоны орнатылған. Комиссия жұмыс жоспарын бекітті, бұл ақпараттың азаматтардың қалың тобына жетуін қарастырды, оған халықтан түсіп жатқан телефон қоңыраулары мен өтініштері куә.

Әкімдер сайлауы 2457 жер­гілікті билік органында өтеді. Бұл лауазымдарға осы жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша, 7173 кандидат ұсынылған, орташа алғанда бір орынға 3 адамнан келеді. Оның 6841-і тіркеуден өткен, олар сайлауға қатысуда. Кандидаттарды ұсынуға мәс­ли­хаттардың өкілдері ғана емес, сонымен бірге, қоғамдық ұйымдар, ақсақалдар кеңестері де қатысты. Кандидаттардың жартысынан көбі қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген әкімдер, яғни практикалық жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Барлығы да ауыл шаруашылығының және басқа да салалардың мамандары болып табылады, жоғары білімді. Сайлауға қатысуға кеңінен қол жеткізуге кандидаттарға қандай да бір сайлау жарнасын енгізудің қажеті жоқтығы әсер етті.

Бұл кезеңде қоғамдық комиссия сайлау науқанын өткізудің тазалығына бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтардың өтініштеріне негізделген мони­торингті жүзеге асыратын болады. Қолда бар мәліметтерге сәй­кес, қалалар мен аудандар әкімдерінің халықпен кон­суль­тациясы барысында тұрғын­дар­дың кейбір ауыл әкімдерінің кәсіби қызметіне көңілі тол­май­тындықтары, аудан әкімі мен халық ұсынған жекелеген кан­дидатуралар бойынша келіс­пеу­шіліктер айтылды. Кан­ди­дат­тарды ұсыну мерзімінің қыс­қалығына, кандидаттардың үгіттік белсенділігінің жет­кі­лік­сіздігіне назар аударылды.

Алынған мәліметтер, сондай-ақ, қоғамдық комиссия өткізуге ниет етіп отырған халықтың сайлауға көзқарасы туралы арнайы әлеуметтанулық зерттеу барша сайлау процесін терең талдауға, сайлау заңнамасын және сайлау өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды жетіл­діру жөнінде ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Іс-қимыл жоспарына сәйкес комиссия барлық деңгейдегі сайлау комиссияларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз еткен, сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі күнтізбелік іс-ша­ралардың орындалуы бақы­лауға алынған. Барлық комиссия мүшелерінің жергілікті жерлерге шығып, дауыс беруді тікелей қадағалауы, дауыс беру барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы ұйымдастырылады. Қоғамдық комиссия жұмы­сы­ның нәтижелері сайлау қорытын­дылары бойынша арнайы бас­па­сөз брифингінде қаралатын бо­лады.

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,

Сайлауды қадағалау жөніндегі рес­пуб­лика­лық қоғамдық комиссияның төрағасы.

Соңғы жаңалықтар