• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Балаға қиянат жасаушыларқатаң жазалануы керек

444 рет
көрсетілді

Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету баршамыздың борышымыз. Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Жолдауында әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап етілуі жайында айтылған, яғни «... Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топы­рағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және оны мемлекет қамқорлығына алуға тиіс. Ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын», – деп атап көрсетті.

 

Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету баршамыздың борышымыз. Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Жолдауында әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап етілуі жайында айтылған, яғни «... Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топы­рағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және оны мемлекет қамқорлығына алуға тиіс. Ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын», – деп атап көрсетті.Соңғы жылдары жас балаларға қарсы жасалып жатқан арсыз, ада­ми қасиетке жат қылықтар қо­ғам­­да белең алып, бұқараның нара­зы­лығын туғызуда. «Мал құла­ғы саңырау» демекші, туған қызы­на қиянат жасаған әке, жас­өс­пі­рімдерге көрсетіліп жатқан зор­лық-зомбылықтар сияқты жан түр­шігерлік оқиғалар белең алып бара жатқаны жасырын емес.

Қоғамда қашанда материалдық дағдарыс адамды көп болса, тілен­шілікке тап қылады, ал рухани дағдарыс бүтіндей адамдық болмыс­тан айырады. Ұяласына жамандық қылмайтын қаншама хайуан бар, демек үйді қоритын ит те ұяласын таламайды. Ал хайуан атын жамылып, бүгінде оларға педофил деген айдар тағып, атын естісек жағамызды ұстап, терезеге қарап алаңдайтын болдық. Бесіктен белі енді шыққан баланы айуандықпен зорлау – бұл қорлық, сүйекке түс­кен таңба. Алаш ұрпағының түсі­ні­гінде жоқ «педофил» деген дертке шалдыққан делқұлылардың ке­сі­рінен қанша баланың тағдыры тас-талқан болып жатыр.

Ақпарат көздеріне көз салсаң, кәмелет жасқа толмаған, тіпті кіш­кентай бүлдіршіндердің, одан қалды ұл балаларды зорлап кетті деген оқи­ғаларды жиі еститін болдық. Әрине, бұл ұғым құлаққа түрпідей тигенмен, айтпасқа лажы жоқ, өйткені 17 млн. халқы бар Қазақстанда педофилия фактілері көп тіркелген. Мәселен, статистиканың ресми мәліметіне сүйенсек, бұл қылмыс түрі 2011 жылы 148 болса, 2012 жылы 232-ге жеткен. Ал 2013 жылдың 5 айында республикада осындай сипаттағы жасалған қылмыстар саны 181-ді құраған. Бұдан жоғарыда аталған қылмыстың бұл түрі жылдан-жылға қарқынды түрде өсіп келе жатқанын аңғарамыз. Демек, ғасыр қасіреті, бұның артында бала әлемінің күйреген тағдыры жатыр.

Жалпы, өткен кезеңге бір сәт көз жүгіртсек, яғни кеңестік кезең­нен кейінгі нарықты заман жағ­дайындағы елдерде педофилияның өсуінің кейбір себептерін қарас­тырып көрейік. Әдетте, бұл елдерде жалпы психологиялық ахуал­ды түзету мен сауықтыру жағ­дайлары ескерілмейді, өйткені, әрбір қылмыс жеке жағдай ретінде қарастырылады. Соңғы 20 жылда экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмір салаларына елеулі өзгерістер енгізілді. Қоғамымыздың болжанатын «нормаланған» болашағының, яғни жасы мен мәртебесіне қара­мастан, кепілді әлеуметтік және құ­қықтық қорғалуының орнына өзін-өзі жұмыспен қамту, еркін жұмысқа орналасу қатынастары, сыбайлас жемқорлықты құрайтын нарықтық қатынастар келді. Қоғамның бөлінуі орын алып, еңбек жетістіктері үшін қадір-құрмет ұғымдары жойылды. Бұл дерт әрдайым заңмен реттеле бермейтін үдеріске айналды. Азаматтардың белгілі бір бөлігі бұған бейімделе алмады, олар үшін «пайда-олжа» ұғымы әркез заңды, сапалы, әділетті деген ұғымдармен сыйыс­пайтын болды. Әйткенмен, адамдар алғашқы бастау капиталын жинастырып, нарыққа, оның ішінде халықаралық нарыққа кірудің заманауи жағдайларына бейімделіп, орта және жоғары буындағы сауданы ұйымдастыруды үйренді.

Бір сөзбен айтқанда, адамзат­тың ойлау қабілеті неғұрлым да­мып, ғылыми техника сан түр­лі же­тіс­тіктерге қол жеткізді. Алай­да, қоғам жетілген сайын оның осал тұстары да қалыс қал­май­тыны белгілі, соның ішінде хакім Абай айтпақшы: «Ішсем, жесем, ұйықтасам – тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйрен­сем еке

Соңғы жаңалықтар