Ақтау қаласында лифт мәселесі – өзекті. Бірнеше жылдар бойы беті бері қарай алмай келе жатқан мәселенің тамырына соңғы кездері қан жүгіре бастағандай. Ел арасында лифт туралы жылымық әңгімелер арагідік естіліп қалып жүр. Расында, Ақтаудағы көп қабатты үйлерді лифтімен қамтамасыз ету жайы қалай? Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? «Егемен Қазақстанның» Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызы Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршинге: – Сіз бұған не дейсіз?
Ақтау қаласында лифт мәселесі – өзекті. Бірнеше жылдар бойы беті бері қарай алмай келе жатқан мәселенің тамырына соңғы кездері қан жүгіре бастағандай. Ел арасында лифт туралы жылымық әңгімелер арагідік естіліп қалып жүр. Расында, Ақтаудағы көп қабатты үйлерді лифтімен қамтамасыз ету жайы қалай? Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? «Егемен Қазақстанның» Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызы Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршинге: – Сіз бұған не дейсіз?
– Ақтау қаласында лифтілері бар көп қабатты тұрғын үйлер ең алғаш 1968 жылы салынған болатын. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңына сәйкес көп қабатты тұрғын үйлердегі лифтілер тұрғындардың ортақ меншігі болып келді. Сондықтан мемлекет лифтілерді жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен қаржы бөле алған жоқ. Ал тұрғындардың өздері бұл қызметті атқара алмайды. Себебі, бір лифтіні ауыстыру үшін шамамен 8 млн. теңге қажет. Мұндай көлемдегі қаражатты тұрғындардың қалтасы көтермейтіні анық. Инвесторлар тарту да тиісті нәтиже берген жоқ.Осыған орай, 2010 жылы облыс пен қала әкімдігінің «Тұрғын үйлердегі лифтілерді мемлекеттің коммуналдық меншігіне беру туралы» шешімі қабылданды. Қазіргі таңда қаладағы 345 лифті қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтті.Қаланың көне тұрғын үй қорында 7-10 қабатты әрқайсысында 2 лифтіден 156, әрқайсысында 1 лифтіден 11 және 8 лифтісі бар 1 көп қабатты үйлер бар. Барлығы 168 көп қабатты үйлерде 331 лифті бар. Одан басқа қала әкімдігінің теңгерімінде 7 көп қабатты жаңа тұрғын үй қорында 14 лифті болды. Олардың барлығын қосып есептегенде, қала бойынша 175 көп қабатты үйлерде 345 лифті бар. Бүгінгі таңда 345 лифтінің 71-і жұмыс істейді, ол 66 үйді қамтиды.Демек, қаладағы барлық лифтілердің 274-і жұмыс істемейді. Сондықтан жұмыс жасау мерзімдері 25 жылдан асқан түгелдей ауыстыруды қажет ететін 270, ал жөндеуді талап ететін 23 лифті болып отыр. Қалған 109 үйде кем дегенде, бір лифті жұмыс жасауы үшін 112 лифтіні түгелдей ауыстыру қажет.Қазіргі кезде қалалық бюджеттен бөлінген 32 млн. теңгеге 4 лифті сатып алынды. Лифтілер осы жылдың соңына дейін бірінші кезекте мүгедектер тұратын үйлерге қондырылатын болады. Жақында өткен бюджетті нақтылау комиссиясында тағы 5 лифтіге қаржы бөлінді. Бұл лифтілер конкурс арқылы осы жылы алынып, 2014 жылы орнатылатын болады.Сонымен қатар, лифтілерді күтіп-ұстау шаруашылықтың маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Сондықтан оның бірнеше тетіктері қаралып, оңтайлысы тәжірибеге енгізілді. Лифтілерді ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету бюджет есебінен жүргізіледі, қалған шығындар конкурстан қызмет көрсетуді жеңіп алған мердігердің тұрғындардан жинаған төлемдері арқылы жабылады. Қызмет электронды смарт-карта бойынша жүргізіледі. Тұрғындар лифтілерді пайдаланғаны үшін смарт-картаның көмегімен автоматты түрде есептеседі. Карта 800 теңге тұрады, оны 100 рет пайдалануға болады.Қазіргі таңда лифтілерге ағымдағы қызмет көрсетумен «Ақтау қалалық лифтілері» ЖШС айналысады.Маңғыстау облысы.