• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Храпунов пен Рысқалиев

310 рет
көрсетілді

және олардың жақындарының Швейцария банктеріндегі есепшоттарына тыйым салынды

және олардың жақындарының Швейцария банктеріндегі есепшоттарына тыйым салынды

Әдетте айран ішкендердің құтылып, шелек жалағандардың тұтылып қалулары жиі кездесуші еді. Бұл жолы айран ішкендердің өздеріне албасты басқандай күн туды. Себебі, мына жағдайда «шелек жалағандар» мүлде жоқ еді. Қолына айранның шелегін ұстаушылардың ашкөз, сараң, жемқор болғандары сондай, жанында жүргендер үшін жұғын да қалдыра қоймапты.

Кеше еліміздің байлығын үптеп кеткен атышулы алаяқтар Бергей Рысқалиев пен Виктор Храпуновтың және олардың жақын-жуықтарының Швейцария банктеріндегі есепшоттарына тыйым салынды. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы полициясынан хабарланғандай, қазіргі таңда Агенттік Қазақстанда қылмыстық жолмен алынып, шетелге асырылған күмәнді активтерді анықтау мен оларды елге кері қайтарып алу жолында белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Осының ыңғайында, мәселен, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полициясы агенттігі Швейцария конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберген. Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектерді Швейцарияның уәкілетті органдары саралап шығып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцария конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды.

Мұның ақыры Швейцария құзыретті органдарының Храпуновтар отбасының активтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін тыйым салуына апарып жеткізді. Танысу және қылмыстық іс фигуранттарының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін банкілік, қаржылық және өзге де құжаттары алынды.

Тап осындай әрекеттерді Швейцария конфедерациясының федералдық прокуратурасы Рысқалиевтерге қатысты да бастап кетті. Осының негізінде бү­гін­де олардың қылмыстық жолмен алын­ған ақшалай қаражаттарын заңдас­тыру фактісі бойынша қылмыстық тер­геу жүргізілуде. Тергеу аясында Рыс­қалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы сомасы 100 млн. еуродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есепшот анықталды. Федералдық прокуратура аталған шоттарға тыйым салды.

Қаржы полициясы агенттігі соңғы сәттерде сондай-ақ өз қызметкерлерінің Швейцария конфедерациясы аумағында тергеу амалдарын жүргізулеріне рұқсат беруді өтінетін халықаралық тапсырманы да жолдады.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар