• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Үрімжіден ұшқан үздік ән

380 рет
көрсетілді

Таяуда Қытайда өткен «Дауыс» атты ән байқауының іріктеу турында Үрімжіден келген Тасқын атты 34 жастағы жігіт даусының тереңдігімен, әнінің әсерлілігімен қазылар алқасын түгел таңғалдырып, олардың көздеріне жас алдырды.

 

Таяуда Қытайда өткен «Дауыс» атты ән байқауының іріктеу турында Үрімжіден келген Тасқын атты 34 жастағы жігіт даусының тереңдігімен, әнінің әсерлілігімен қазылар алқасын түгел таңғалдырып, олардың көздеріне жас алдырды.

Әнші жігіт бұл кеште Ма­риям Жагорқызының «Ду­дар-ай» әнін орындапты. Кейін мә­лім болғанындай, ол алдымен әнді қытай тілінде шыр­қа­ған. Бірақ онысы жұрттың жү­регін оншалықты тебіренте алмаған. Келесі жолы әннің төл нұсқадағы вариантын ор­ын­дағанында қазылар қауы­­мының көңілдері босап, көзде­ріне ие бола алмапты.

Міне, әннің құдіреті деген осы! Қытайлар оның қазақ тіліндегі мәтініне түсін­­­бесе де, осылай еткен. Олар алғашында әнді дұрыс баға­лай алмағандарына өкініш біл­діріпті. Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, ұлты қазақ Тасқын отбасымен бірге Үрімжіде тұрады екен. Ежелгі Шығыс Түркістан жеріндегі бас қаладағы мек­тептердің бірінде мұғалім болып қызмет атқаратын ол ән­нен сабақ береді. Айтулы жа­рыста мәренің соңына дейін талмай шаба алмаса да, Тасқын осы бір ғана әнімен-ақ талай жұрт­тың көкейінде қалып қойды.

Аталмыш ән мен орын­дау­шының атақ-даңқы қазір­дің өзінде шарықтап, күл­лі әлемге кеңінен тарап жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қытай сайттарынан орын алған Тасқынның «Дудар-ай» әнінің клипін қазірге дейін 2,5 миллионнан астам адам тамашалап үлгеріпті. Үрімжіден ұшқан үздік әннің әуені шынында да тыңдаған жанды таң-тамаша қалдырады.

Мұрат АЙТҚОЖА.

P.S. Бұл әннің клипін біз­­­­­­дің редакция сайтынан («Қы­­­тай­ды таңғалдырған қа­зақ жігіті») да көруге болады.

Соңғы жаңалықтар