• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

«Тыныс ал, балақай!»

332 рет
көрсетілді

Жуырда облыс орталы­ғын­дағы жүкті аналар мен сал­мақтары аз нәрестелер емделетін №1 перинаталдық орталық жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Жалпы құны 18 миллион теңге тұратын бұл заманауи медициналық құрал-жабдықтарды «Тыныс ал, балақай!» жобасы аясында «Аяла» қайырымдылық қоры сыйға тартты. Сөйтіп, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен «Аяла» қайырымдылық қоры арасындағы жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөліміне 27 қондырғы орнатылды.

Бұл қадамның ана мен бала өлімінің азаюына, денсаулықтарының жақсаруына әсер етері сөзсіз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарына қарағанда, облыста ана мен бала өлімі көрсеткіші төмендеген. Бірақ, өкінішке қарай, салмағы аз болып туатын балалардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Сондықтан бұл жабдықтар орталық үшін аса қажет көрінеді. Ал, «Аяла» қайырымдылық қо­ры­ның вице-президенті Жангелді Сәрсеновтің айтуын­ша, ха­лық көп жүретін қоғамдық орындарда «Тыныс ал, бала­қай!» деген жазуы бар арнайы жәшіктер орнатылып­ты. Жиналған қаржыға меди­ци­на­лық құралдар сатып алына­ды. Бөбектерге, аналарға қол­ұшын беремін деушілерге осын­дай мүмкіндік жасалыпты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».                  

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар