• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Өңір өнімді істермен өрнектелуде

376 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына бір күндік жұмыс сапарымен келді. Оның сапарының негізгі мақсаты аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және салалық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысымен танысу болып табылады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына бір күндік жұмыс сапарымен келді. Оның сапарының негізгі мақсаты аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және салалық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысымен танысу болып табылады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары келген бойда Алға ауданына атбасын тіреді. Ол ең алдымен «Ангус» және «Герефорд» асыл тұқымды ірі қара өсіріп, бордақылаумен және өткізумен айналысатын «АкТеп» ЖШС мал шаруашылығы кешенінде болды. «АкТеп» ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Сағыналин кешеннің жұмысы және ет кластері кәсіпорнының даму жобалары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, бір мезгілде 3000 ірі қараны бордақыда ұстауға есептелген кешеннің бірінші кезегі 2012 жылдың ақпан айында пайдалануға берілген. Қазір мұнда 1836 өнім беретін сиыр ұсталуда. Қажетті мал азығын дайындау үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 127,7 млн. теңге сомаға мал азығын дайындау техникасы лизингке алынған. Мұнда жақын уақытта 10 мың ірі қара бордақылауға бағыт ұсталуда.

Бақытжан Сағынтаев бас­та­ған делегация осындағы жұ­мысшыларға арналған 48 орындық жатақханадағы тұр­мыс­тық жағдайды көрді. Ол мал шаруашылығы кешенін аралап көргеннен кейін облыстың агроөнеркәсіп кешені көрме қойылымдарымен танысты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекетік бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған Алға қаласындағы «Айым А» автомектебінде болып, оның материалдық базасымен және жүргізушілер даярлау бағытындағы жұмысымен танысты. Мұнда 1280 автомобиль жүргізушісі даярланған. Соның 86-сы «Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында тегін оқытылыпты. Осы арада жиналып қалған қала тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Алғалықтар қала көшелерінің тарлығын, балалар ойнайтын алаңдардың жетіспейтінін жеткізді. Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев Үкіметте шағын қалаларды дамыту бағдарламасы жасалып жатқанын, сол бағдарлама аясында бұл мәселелердің көп ұзамай шешімін табатынына сендірді.

Ол сондай-ақ, Алға шағын қаласын әлеуметтік дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарды, көшелер мен жылу жүйелерінің жөнделген учаскелерін қарап шықты. Алға ауданының әкімі Асқар Шариязданов соңғы жылдары республикалық бюджет есебінен 11,4 шақырым су айдау құбыры жүргізіліп, 42 шақырым су құбыры тартылғанын, су айдау стансасы салынғанын баяндады. Жалпы құны 554 миллион теңге тұратын 11,8 шақырым жылу жүйесі қайта жарақтандырылуда екенін мәлім етті. Сондай-ақ, аудан басшысы өткен жылы басталған орталық бу қазандығын қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 401,0 миллион теңге қажеттігін, биологиялық тазарту құрылысын күрделі жөндеудің де қаржыға тіреліп тұрғанын да жасырмады.

Бақытжан Сағынтаев түс­тен кейін «Қазхром» ТҰК» АҚ-қа қарасты Ақтөбе ферро­қо­рытпа зауытына барып, осында салынып жатқан 4 цех құрылысының барысымен танысты. Акционерлік қоғам президенті Виктор Тильдің айтуынша, аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыру 2009 жылдан бастап республикалық Индустрияландыру картасы аясында қолға алынуда. Оның жалпы құны – 111 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 440 мың тонна феррохром шығаруға мүмкіндік береді. Құрылыс барысында 1500 жұмыс орны құрылымдалды, ал іске қосылған кезде 450 жоғары білікті мамандар мен жұмысшылар еңбек ететін болады.

Құрылыс және қондырғыларды орнату жұмыстары кестеге сәйкес жүруде. Үстіміздегі жылдың қараша айында зауыттың екі пешін іске қосу көзделуде. Бақытжан Әбдірұлы, кәсіпорында еңбек жағдайы, еңбекақы, әлеуметтік мәселелердің қалай шешіліп отырғанына, құрылыс жұмыстарында жергілікті адам­дар еңбекке қаншалықты тартылғанына қызығушылық танытып, жұмысшыларды сөзге тартты.

Бұдан кейін бірінші вице-премьер Ақтөбе релсьті-арқалық зауыты салынып жатқан құрылыс алаңында болды. Болашағы зор кәсіпорын туралы релсьті-арқалық зауыты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Ибрагимов хабардар етті. Италияның әлемге танымал «Siemens-VAI» компаниясы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп қолға алған бұл жобаның жалпы құны 55 миллиард теңге тұрады. Қазір өндіріс орны ірге

Соңғы жаңалықтар