• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Президент 31 Қаңтар, 2020

«Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады

239 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының не­гіз­гі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының бас­қарма төрағасы ұжымдық бас­қару, еңбекті және қоршаған ор­таны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жо­март Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақ­саттарын табысты жүзеге асы­руының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.