• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2020

Тәртіп пен заңдылық артады

401 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Өзіндік қауіп­сіз­дік департаментіне (ӨҚБ) ішкі істер органдары қатарында тәртіп пен заң­дылықты арттыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Министрдің басшылығымен барлық өңірлік бөліністердегі ӨҚБ бастықтарының қатысуымен кеңес өтті. Ведомство басшы­сы өз қатарларында құқық бұзушы­лықтың алдын алу және жолын кесу бойынша өткен жылы үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Ел бойынша жеке құрам арасындағы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс деңгейі іс жүзінде үштен біріне қысқарды.

Ведомство басшысы ағымдағы жылы қызметкерлердің жауап­кершілігін арттыру бағытындағы жұмысқа ерекше назар аудару қажет­тігін атап өтті.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері халқымыздың тыныш­­тығы мен қауіпсіздігін күзету жолында қызмет атқарады. Қазақс­танның әрбір азаматы поли­цейдің қорғауында. Бұл үлкен жауапкершілік. Бірақ бұл ішкі істер органдарының қызмет­керлеріне берілетін ерекше мәртебе мен өкілеттіктер. Сон­дық­тан мен Өзіндік қауіпсіздік департаментіне тек полицейлердің заң­ды­лықты сақтауын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ оларды қорғауды тапсырамын», деді министр.

Е.Тұрғымбаев өзіндік қауіп­сіздік департаментінің осы жылғы басым міндеттерін белгіледі: полиция тарапынан құқық бұзушы­лықтың барлық түрлерінің алдын алу, өз қатарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Сондай-ақ Өзіндік қауіпсіздік бөлім­шелерінің басшыларына поли­цейлердің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың барлық өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетке баса назар аудара отырып, басшылық лауазым­дарға үміткерлерге қойы­латын талаптар арттырылды. ІІМ кадр комиссиясы арқылы өткен 600 үміткердің 80-і мақұлданбады. Барлық деңгейдегі басшылардың жағдайға да, жеке құрамға да жауапкершілігі күшейтілді.

Бұдан басқа, азаматтық қоғам­мен өзара іс-қимылды кеңейтуге, жұртшылықпен тікелей диалогты және кері байланысты қамтамасыз етуге шаралар қабылдануда.

«Еліміздің азаматтары ішкі істер органдарының қыз­мет­кер­леріне жүгінгенде, олар түсі­ністікті, өзіне деген адам­гер­ші­лік қарым-қатынасты, сон­дай-ақ олардың құқықтары мен бос­тандықтары лайықты қор­ға­ла­ты­нына сенімді болуы үшін ең қатаң стандарттар мен талаптарды ұстану қажет», деп атап өтті ведомство басшысы.