Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы «Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКК-мен бірлесе отырып Ақтөбе стансасының темір жол вокзалында жүргінші жолаушылар арасында «Жіті ішек ауруларының және тамақтан уланулардың алдын алу жөніндегі санитарлық эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы», «Өзіңді тамақтан уланудан сақта!» және «Вирусты гепатит» атты акция өткізді.

Өткізілген акция кезінде мамандар темір жол вокзалындағы жүргінші жолаушыларға жазғы маусымда дұрыс тамақтанудың жолдарын, өзімізді және балаларымызды тамақтан уланудан сақтау жолдарын, тамақтан уланған жағдайда қандай медициналық көмек көрсету керектігін және вирусты гепатиттің жұғу жолдары жайында кеңінен әңгімелеп, түсіндірді.
Сонымен қатар, темір жол вокзалындағы халыққа жоғарыда аталған тақырыптардағы дәрістермен қатар, телемонитор арқылы тамақтан улану жайындағы бейнетаспа көрсетіліп, осы тақырыптардағы парақшалар таратылды. Санитарлық-ағарту іс-шаралары бұдан әрі де жалғасын табады.
Динара СҰЛТАНОВА,
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау бөлімінің бас маманы.