Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мамандығы бойынша кәсіптік мектептер оқушылары арасындағы байқауға аймақ қалалары мен аудандарындағы осы оқу орындарынан 15 болашақ автомеханик қатысты. Олар алдымен пәндік тақырыптарға байланысты 100 сұраққа жауап қайтарумен бірге, қалаған кәсіптерін меңгерудегі икемділіктерін тәжірибе жүзінде сынға салды. Байқау қорытындысында Қарағанды қаласындағы №2 техникалық-лицей оқушысы Максим Есипов шыңдала бастаған шеберлігімен ерекше көзге түсті.
Жұмысшы мамандығын игеруге талпынған жастардың талабын ұштауға бағытталған мұндай байқаулар жиі өткізіле бастауда.
Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.