• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Көкжотадағы қуаныш

394 рет
көрсетілді

Кенді Алтайда соңғы үш-төрт жылда жиырмаға тарта жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Соның бірі – Көкпекті ауданындағы Көкжота орта мектебі. Ашылғанына жарты ғасырдан асқан білім ордасынан түлеп ұшқан шәкірттер өздерін қанаттандырған алтын ұясын ұмытқан емес, қайырымдылық жасап тұрады.

Кенді Алтайда соңғы үш-төрт жылда жиырмаға тарта жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Соның бірі – Көкпекті ауданындағы Көкжота орта мектебі. Ашылғанына жарты ғасырдан асқан білім ордасынан түлеп ұшқан шәкірттер өздерін қанаттандырған алтын ұясын ұмытқан емес, қайырымдылық жасап тұрады.

Жақында Көкжота орта мектебінде ел есінде қалатындай елеулі оқиға болды. Алматыдағы Қазақ аграрлық мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, мал дәрілерін шығаратын «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының президенті, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Ахметсадықов қанат қаққан білім ордасына келіп, шәкірттермен кездесіп, осы мектепте 40 жыл ұстаз, директор қызметін мінсіз атқарған, жерлестерінің құрметіне бөленген Нұролла Ахметсадықов атындағы сыныпқа, мектепке оқу құралдарын, бірнеше компьютер, жиһаз, теледидар, дайындық сыныбына арналған құрал-жабдықтар, 1-4 сынып оқушыларына электронды оқулықтарды сыйға тартты.

Бұдан бес жыл бұрын атаулы сынып ашылғанда да профессор Нұрлан Ахметсадықов зайыбы Маямен бірге келіп, «Туған жерге – тағзым!» акциясына үн қосып, екі миллион теңгенің құрал-жабдықтарын сыйға тартқан болатын.

Мектеп ұстаздарымен өткен кездесуде «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіп­орнының басшысы өзі басқаратын ұжымның малға қажет дәрі-дәрмек шығаратынын, дамыған елдермен қарым-қатынаста екенін, қазіргі таңда шығармашылық ізденісте болғанда ғана күн талабына сай дәрі шығаруға мүмкіндік туатыны жайлы айтып берді. Кездесуде профессор осы ауылдың тумасы, жыр жазуға талпынып жүрген баланы өз қаржысына оқытатынын айтып жерлестерін қуантып тастады.

Мектеп директоры Гүлжанат Конгу­лова профессор жерлесіне ұстаздар мен шәкірттер атынан алғысын білдірді. Шә­кірттер ән мен күйден шашу шашты. Көк­жо­та ауылындағы жаңа мектептегі қуаныш ауыл адамдарын бір серпілтіп тастады.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы.

Соңғы жаңалықтар