• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Жарыстар күнделігі

562 рет
көрсетілді

Каноэ есу. Канаданың Уелленд қаласында жасөс­пі­рімдер мен жастар арасын­да өткен әлем чемпионатын­да қазақстандық Сергей Еме­льянов алтын жүлде жеңіп алды. Ол каноэ есу бойынша мың метрге жекелей жарыс­та алдына жан салмады. Осы сында Емельянов 200 метр­ге жекелей жарыста күміс жүлдеге ие болды.

 

Каноэ есу. Канаданың Уелленд қаласында жасөс­пі­рімдер мен жастар арасын­да өткен әлем чемпионатын­да қазақстандық Сергей Еме­льянов алтын жүлде жеңіп алды. Ол каноэ есу бойынша мың метрге жекелей жарыс­та алдына жан салмады. Осы сында Емельянов 200 метр­ге жекелей жарыста күміс жүлдеге ие болды.Ал жастар арасында өт­кен 1000 метрге екілік жарыс­та Максим Синявский мен Евгений Сафронов қола жүл­де алды.

Дзюдо. Солтүстік Ир­лан­дияның Белфаст қала­сын­да полицейлер және өрт сөн­­ді­рушілер арасында өтіп жатқан ХV Бүкіләлемдік ойындарда Асхат Елубаев (суретте) алтын медальды жеңіп алды. Бұл сында ол финалда румыниялық қарсыласына әдемі әдіс жасап, айқын басымдықпен ұтты. Сонымен бірге, жарыста Талғат Қожабеков (Астана қаласы) 100 килоға дейінгі сында күміс жүлдені иеленсе, Асқар Жандаров (ОҚО) қола жүлдені қанағат тұтты. Қазір Асхат ШҚО Ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы жасағында қызмет етеді.

Футбол. Кеше түнде бет қатталып жатқанда, Қа­ра­ған­дының «Шахтер» командасы Албанияның Тирана қаласында Корча қаласының «Скендербеу» клубымен УЕФА Чемпиондар лига­сы­ның үшінші кезеңіндегі екін­ші матчын өткізді. Бұ­ған дейін Астанада өткен алғашқы матчта «Шахтер» қарсыластарын 3:0 есебімен жеңген болатын. Осы ойында қарағандылықтардың өз басымдығын сақтап қалса, еліміз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан команда атанады.

Баскетбол. Филиппин астанасы Манилада ерлер арасында өтіп жатқан ХХVІІ Азия чемпионатын­да Қазақстан құрамасы алғаш­қы топтық кезеңдегі үш ойы­нын­да жеңіске жетіп, ке­ле­сі кезеңге өтті. Команда бі­рін­ші топтық кезеңнің «D» то­бында Бахрейн, Үндістан мен Таиланд құрамаларын артқа тастап, екінші кезеңге шықты. Алдыңғы күні Қытай құрамасымен кездесіп, 67:73 есебімен ұтылып қалды. Кеше отандастарымыз Оңтүстік Корея командасымен кездесті.

Волейбол. Осы күндері әлемнің төрт бұрышында әйел­дер арасында «Бүкіл­­­әлемдік Гран при» турнирі өтуде. Биыл жиырма бірінші рет жалауы желбіреген жарысқа біздің елдің құрамасы да қатысуда. Ал жалпы турнирде 20 елдің өкілдері күш сынасып жатыр.

Қазақстан құрамасы Ита­лияда «Е» тобына кіретін Ар­гентина, Германия және Ита­лия құрамаларымен ойнады. Өкінішке қарай, отандас­тарымыз бәрінде де ұтылып қалды.

Енді құрама екінші турдың ойындарына қатысады. Олар 9-11 тамыз күндері Польшаның Плоцк қаласында өтеді. Біздің қыздар Жапония, Германия және Польша құрамаларымен «H» тобында бақ сынасады. Ал 16-18 тамыз күндеріне бел­гіленген үшінші турдағы «K» тобының ойындары Ал­ма­ты­да өтеді. Бұл топта Қазақ­стан Бразилия, Куба және Ни­­дерланды құрамаларымен кездеседі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар