• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкереленді

274 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша эко­­но­­микалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің қыз­­меткерлері ҚР ҚК 190-бабы, 1-тар­мағы «Заңсыз кәсіпкерлік» және 286-бабы, 2-тар­­­­мағы «Жер қой­науын қорғау және пайдалану ере­желерін бұзу» бойынша «ҚҰМ КЕН ИНВЕСТ» ЖШС бас директоры Әбділді Ораз­ға қатысты қылмыстық істі тергеу амалда­рын аяқтады. Атал­ған кәсіпкер Іле ауданы аума­ғын­да заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, тиіс­ті орындардың ешқандай рұқсатынсыз жер қой­науын пайдаланып, тас-құм қоспаларын қазып, тасып, сатып табыс тауып, мемлекетке 543 млн. теңге көлемінде шығын келтірген. Бүгінгі таң­да қылмыстық іс Іле аудандық сотының қарауына түсті.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар