• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Ақпан, 2020

Елбасы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады

238 рет
көрсетілді

Елбасы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті.