• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Ақпан, 2020

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Ресеймен бірлескен жиын өткізуде

383 рет
көрсетілді

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Ресей ұлттық құрамасымен бірлескен жаттығу жиынын өткізуде. Оқу-жаттығу жиыны Мәскеу облысында ұйымдастырылған деп жазады Olympic.kz. 

Аталған жиында негізінен олимпиадалық салмақта сынға түсетін балуандарға басымдық берілді.

Бірлескен жаттығу жиынына төмендегі балуандар қатысуда: 

67 келі: Мейіржан Шермаханбет, Данияр Қаленов, Алмат Кебіспаев;

87 келі: Азамат Күстібаев, Нұрсұлтан Тұрсынов; 

97 келі: Әлімхан Сыздықов, Ерұлан Ысқақов; 

130 келі: Нұрмахан Тінәлиев, Дамир Күзембаев, Мансұр Шадукаев, Евгений Поливадов. 

Бірлескен жаттығу жиыны аяқталған соң балуандар Үндістандағы Азия чемпионатына аттанады.