• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Ақпан, 2020

Майк Помпео Қазақстан басшылығымен келіссөздерді асыға күтетінін жеткізді

196 рет
көрсетілді

Бұл туралы кеше Қазақстанға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Біздің ортақ бейбітшілікке, гүлденуге және қауіпсіздікке негізделген АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың маңыздылығын растау үшін Нұр-сұлтанға келуіме қуаныштымын. Мен сауда және инвестициялар мәселелерін, сондай-ақ қос елдің өсіп-өркендеуін кеңейту жолдарын талқылау мүмкіндігін асыға күтемін» деп жазды Майк Помпео.

Сондай-ақ мемлекеттік хатшы АҚШ елшілігінің қызметкерлерімен кездесіп, Елші Мозер мен елшіліктің жұмысына алғысын білдірді.

Осыған дейін хабарлағандай, Майк Помпео Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі.