2013 жылғы 1 шілде, Астана, Үкімет Үйі
Жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, керосинді, газойлдер мен басқа да мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы
2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде арнайы бензиндерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 12 210 0 - 2710 12 250 0), жеңіл дистилляттар (октандық саны 80-нен аспайтын мотор бензиндеріне арналған КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0) мен тұрмыстық пеш отынын (КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0) қоспағанда, жеңіл дистилляттар мен өнімдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 - 2710 19 250 0), газойлдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 420 0 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0) және басқа да мұнай өнімдерін (КО СЭҚ ТН коды 2710 20 900 0) әкетуге тыйым салынсын.2. Мерзімі 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін дистилляттарды экетуге қатысты сандық шектеулер 100000 тонна (октандық саны 80-нен аспайтын мотор бензиндеріне арналған КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0 (зерттеу тәсілі бойынша) көлемінде белгіленсін.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес (октандық саны 80-нен аспайтын мотор бензиндеріне арналған КО СЭҚ ТН коды 2710 12 410 0) жеңіл дистилляттарды әкетуге квота бөлінсін.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен:1) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен келісім бойынша бекітілген қосымшага сәйкес лицензиялар беруді жүзеге асырсын;2) Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шараларды қолдануы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін және ұсыныстарды оның қарауына енгізсін.6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.7. Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 652 қаулысына қосымша
Жеңіл дистилляттарды әкетуге арналған квоталарды бөлуР/с № Атауы Көлемі, тонна1 2 31 «ҚазМұнайГаз - Қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы 100000Жиыны: 100000