• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2010

...балаларға автобус сыйлады

587 рет
көрсетілді

Балалық бал дәуренін тағ­дыр­дың тәлкегімен өткізіп келе жатқан дімкәс бүлдіршіндер қан­шама. Олар қай кезде де ерекше қамқорлыққа зәру. Тал­дықорған қаласындағы облыс­тық нашар еститін және саңы­рау балаларға арналған арнаулы мектеп-интер­натта бүгінде 160 ұл-қыз тәрбие­ленуде. Мемлекет тарапынан бүлдіршіндер алаң­сыз қамқор­лық­қа алынғанымен, оларға жиі атбасын бұратын қайы­рымды жандар қатары да жеткілікті. Жақсылықтың артықтығы жоқ екені даусыз. Кеше “Quest­Net Pays Forward” компания­сы­ның өкілі Бернард Эйч Майер шәкірттер арасында болып, құны 20 мың АҚШ доллары тұратын автобустың кілтін тап­сырды. Енді балғындардың бос уақыттарында табиғатты тама­ша­лап, көрікті жерлерді ара­лауына мүмкіндік­тері мол. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.