2013 жылғы 27 мамыр, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жекелеген қаржы ұйымдары жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:1-бөлімде:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Жалпы ережелер»;5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«5. Шоттар жоспарының 2-тарауының 1 – 5-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның бухгалтерлік балансында көрсетіледі.Шоттар жоспарының 2-тарауының 6 және 7-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның пайда және залалдар туралы есебінде көрсетіледі.Шоттар жоспарының 2-тарауының 8-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және ұйымның шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерін есепке алуға арналған.Шоттар жоспарының 2-тарауының 9-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және меморандум шоттары болып табылады.Шоттар жоспарының 2-тарауының 10-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерін есепке алуға арналған.»;2-бөлімде:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Шоттар»;1-тарауда:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«1-параграф. Қысқа мерзімді активтер»;1270 44-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:«1270 45 Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы1270 46 Қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы»;2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«2-параграф. Ұзақ мерзімді активтер»;3-тарауда:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«3-параграф. Қысқа мерзімді міндеттемелер»;3390 53 «Қосымша резервтер» шотының нөмірі және аты алып тасталсын;3390 55 «Көзделмеген тәуекелдер резерві» шотының нөмірі және аты алып тасталсын;4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«4-параграф. Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;5-тарауда:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«5-параграф. Капитал және резервтер»;5470 61-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:«5490 40 Көзделмеген тәуекелдер резерві5490 41 Тұрақтандыру резерві»;5480 «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» шотының нөмірі және аты алып тасталсын;6-тарауда:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«6-параграф. Кірістер»;6280 44-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:«6280 45 Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін төмендетуден кірістер6280 46 Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер6280 47 Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер6280 48 Болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер»;7-тарауда:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«7-параграф. Шығыстар»;7440 47-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:«7440 48 Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар7440 49 Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар7440 50 Болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар7440 51 Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар»;8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«8-параграф. Шартты ж