Жуырда ғана Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша шаһар тұрғындарының алдында есеп береді.
14 ақпан сағат 11.00-ге жоспарланған есепті кездесу Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10/2, «Түркістан» сарайында өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады. Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды поштасына жазып жіберулеріңізге болатынын хабарлаймыз» делінген хабарламада.
ШЫМКЕНТ