Кеше Францияның Тинь өңірінде фристайл-могулдан Еуропа Кубогында Қазақстан құрамасының екі спортшысы күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғаш жарыс жолына шыққан Анастасия Городко (56.95) екінші орын алды. Жалпы есепте франциялық Камиле Каброл (58.85) жеңімпаз атанса, командаласы Фантине Дигроуд (51.95) үшінші сатыға жайғасты.
Ал ерлер арасындағы бәсекеде Антон Бондарев финляндиялық Аксели Ахвенайненнен (68.22) кейін екінші, ал франциялық Мариус Боурдетте (67.42) үздік үштікті түйіндеді.