Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген облыста қайтадан жауын-шашын, жылбысқы қар жауады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Күшті екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Жылы ауа массаларынан оңтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.
- Алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус 5 - плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С болады. Қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары болады, - делінген хабарламада.