• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Ақпан, 2020

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Fujairah Open G2 бәсекесінде 5 жүлде алды

162 рет
көрсетілді

Кеше Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджайра қаласында таэквондодан VIII Fujairah Open G2 халықаралық турнирі өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бәсекеде Қазақстан спортшылары 5 жүлде жеңіп алды.

Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Елжан Елшібай қарсылас шақ келтірмей, топ жарса, Қазыбек Бақтиярұлы (63 кг) ақтық сында қарсыласына есе жіберді. Сонымен қатар Алмат Қожахмет (68 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Ал әйелдер бәсекесінде Айтолқын Орынбасар (73 кг) күміс, Амина Нұрғазықызы (62 кг) қола жүлдегер атанды.