• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Ақпан, 2020

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі гран-при турниріне қатысатын спортшылар анықталды

152 рет
көрсетілді

7-9 ақпан аралығында Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан гран-при турнирі мен халықаралық жарыс өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Аталған турнирге Қазақстан атынан екі спортшы қатыспақшы.  Алдымен 7-8 ақпан күндері Алина Кабаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді. Халықаралық сынға Қазақстан командасының үздігі Алина Әділханова қатысады. 

Ал 7-9 ақпан аралығында өтетін көркем гимнастикадан гран-при турнирінде Азия ойындарының жеңімпазы Адиля Тілекенова бақ сынайды.