Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған “2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі.