• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2013

Кенияның астанасындағы әуежай жанып жатыр

544 рет
көрсетілді

Кенияның астанасы - Найроби қаласындағы Джомо Кеньятта халықаралық әуежайынан өрт шықты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Аяқ астынан тұтанған өрт ұшып келу залы мен көші-қон қадағалау аумағын шарпыған. Осыған байланысты әуежайда жүрген барлық жолаушылар қауіпсіз жерге көшіріліп, ғимарат толық жабылды. Барша бағыттағы ұшу-қону әрекеттері тоқтатылды. Келіп жатқан ұшақтар Момбас пен Элдорет қалаларына қарай жіберілуде.

Өрттің себебі әзірге анықталған жоқ.

Қайрат Қожаназар.

Соңғы жаңалықтар