Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы қызметіне Мақсатбек Маханбетов тағайындалды.
Мақсатбек Шахзадаұлының білімі жоғары, 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін, 2003 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы «Алматаагроспецстрой» тресті СПМК-1 мекемесінде құрылысшы-бетоншы болып бастаған.
1991-1993 жылдары № 35748, № 18351 әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметте болған.
1998-2000 жылдары Алматы қаласындағы № 124 орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2000-2003 жылдары өртке қарсы қызмет органдарында, 2003-2004 жылдары «Сенімді Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қызметте болып, 2004-2005 жж. Маңғыстау облыстық Білім басқармасының «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің директоры, 2006-2007 жылдары «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорында әдіскер, 2007 - 2008 жж. Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында ұйымдық-инспекторлық бөлімінің бас маманы, бас инспекторы болып қызмет атқарды.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін арнайы мемлекеттік органда қызметте болған.