• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2020

Рудныйдағы кен алыбына заманауи тепловоз алынды

310 рет
көрсетілді

Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестінің Қашар кен өндіру кешенінің тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің ұжымы Ресейде шығарылған қуатты жаңа өнімге ие болды. Құны 2,2 млрд теңге тұратын магистралдық тепловоз кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында сатып алынды.  

Ауыспалы тарту күшімен басқарылатын айнымалы-тұрақты токтың электр берілісі бар екі секциялы 2ТЭ25КМ магистралдық жүк тепловозы бір мезетте салмағы 4000 тоннадан асатын 40 вагоннан астам шикі кенді тасымалдай алады. Оның қуаты 7 200 ат күшіне тең.  

«Қазір жаңа техниканы іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар төрт локомотив бригадасы жабдықтарды басқаруды оқып, үйренді. Қызметкерлер немістің «Хайсман» басқару жүйесін игеріп жатыр. Жаңа тепловоз шикі кенді Қашар алаңындағы «Қайта жүктеу» бекетінен Рудныйдағы «Тас ұсақтау» бекетіне тасымалдайтын болады» деді ССКӨБ Қашар тау-кен өндіру кешенінің тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің басшысы Нұрлаш Бегдаутов.

2TЭ25KM магистралды тепловозының жұмысы бірлестіктің теміржол инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттырады, жүктерді жеткізу уақытын қысқартады.

«Мен 10 жылдай локомотив машинисі болып жұмыс істеп келемін. Сонда да бүгінде локомотив басқаруды қайта оқу керектігі еш қорқытпайды. Негізгі артықшылық – қазіргі заманғы технологиялар. Бұл дегеніміз, жаңа технологиялар ескіге «сау болыңыз» деп қол бұлғап тұр» деді Қашар тау-кен өндіру кешенінің тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің тепловоз машинисі Андрей Дзядзин.

Биыл Рудныйға TЭM18ДM сериялы жаңа маневрлік тепловоз да сатып алынатын болады.  

 

РУДНЫЙ