• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2013

Жұмыр жердің жұмағы

3400 рет
көрсетілді

Дүниенің дөңгелек екенін шыр айналған ұршығымен ұғындырып отыратын жарықтық әжеміздің замана, ел, туған жер тарихы туралы айтатын әңгімелері әсерлі еді. Дала мектебінің сол бір салиқалы сабақтары бізді бағзы бабалар қадымнан қазық қаққан өскен өңірді қадірлеп-қастерлеуге, кие тұтуға баулыды.

Дүниенің дөңгелек екенін шыр айналған ұршығымен ұғындырып отыратын жарықтық әжеміздің замана, ел, туған жер тарихы туралы айтатын әңгімелері әсерлі еді. Дала мектебінің сол бір салиқалы сабақтары бізді бағзы бабалар қадымнан қазық қаққан өскен өңірді қадірлеп-қастерлеуге, кие тұтуға баулыды.

Есейе келе ұядай ауылға деген ұлпа сезім ұлан-байтақ қазақ жеріне деген ұлағатты сезімге ұласты. Университет қабырғасында табысқан достар арқылы бәріміздің бойымызда Сарыарқаның сағымды белдері мен Алтайдың айнадай көлдеріне, Каспийдің толқын ұрған шомбал тастары мен Түркістанның күн сүйген көне күмбездеріне деген ерекше махаббат оянды. Мен және менің достарым жұмыр жердегі жұмақ мекен дәп осы кең көсілген қазақ жері екенін ешбір жасандылықсыз, ешқандай боямасыз сезіндік, айрықша ұлағат тұтып келеміз. Қос формацияны қолтықтап, егемендіктің елең-алаңын көзімен көрген, көкірегімен сезінген біздің буынның қазақы патриотизмі, міне, осындай саф күйінде сақталып қалды.

Жалпы алғанда, патриотизм ұғымы еліне, жеріне, заманына қарай ерекшелене ме? Әлеуметтік психологияның классикалық ұғымында патриотизм – жекелеген ұлттың салт-дәстүрінің, мінез-құлқының, тарихы мен мәдениетінің негізінде құралатын халық бірлігінің ұлттық және мемлекеттік идеясы екенін ұғамыз. Ол ғасырлар бойы тарихтың өтпелі әрі сындарлы сәттерінде Отанды қорғаудың қуатты құралы, идеологиялық қағидаты ретінде бағаланып келді. Яғни патриотизм белгілі бір нысананы көздеп, оған қарсы оқ ату емес, қоғам мен адамның өзі қалайтын құндылықтарға қарай қадам басуы, адамдарды туған елінің игілігіне құлшындырудың жолы.

Ой сарабын одан әрі тереңдете түссек, патриотизм ерекшеленіп қана қоймай, бөлшектеніп, салалана түсетінін байқауға болады. Әлемдік ой-сана алыптарының бірі Лев Толстойдың 1896 жылғы «Патриотизм және бейбітшілік» деген дүниесіндегі: «Адамдарды мемлекетке біріктіріп келген нақ сол патриотизмнің өзі бүгінде осы мемлекеттерді күйретуде. Егер патриотизм біреу ғана болса, оны біріктіруші, жарылқаушы деуге болады. Ал бүгінгідей бір-біріне қарама-қайшы келетін америкалық, ағылшындық, немістік, француздық, орыстық патриотизмдер халықтарды біріктірмейді, кері­сінше ажыратады», деген сөзі еске түседі. Олай болса, қазіргі жаһандану дәуі­рін­де­гі ақпараттық қоғамның патрио­тизмі не­сімен ерекшеленеді? Қазіргі қазақ па­трио­тизмінің қағидаттары қандай?

Әлбетте, бүгінгі патриотизм күрделі әрі сан қырлы құбылысқа айналғаны ақиқат. Бүгінгі заманда Отанды қорғау, еліңді сүйетініңді дәлелдеу деген ұғым білтелі мылтық, қайқы қылыш асынып, бетпе-бет келген жаумен аяусыз кескілесу емес. Бүгінгі патриотизм көзге көрінбейтін, көлеңкесі қолға ұстатпайтын мылтықсыз майдан, ақпараттық соғыста өзіңнің, туған еліңнің бітім-болмысын тұтастай сақтап қалу жолында күрес жүргізудің үлгі-өнегесі. Ол үшін әлемнің асты-үстінен ағылып-төгіліп жатқан сан алуан ақпараттар тасқынына төтеп берер рухани күш-жігеріңді, ұлттық иммунитетіңді шыңдауың керек. Дәлірек айтсақ, еліңнің тарихын білуге, даңқты бабаларыңның ерлік шежіресін мақтан тұтуға әрі солардай болуға ұмтылуың қажет. Заман соншалықты ақпараттанды, жаһандану дәуірі адамзат мінез-құлқының өзгеруіне мейлінше ықпал етті десек те, ата-анаңды, туған жеріңді, Отаныңды сүю сияқты қасиетті құндылықтарды әлі күнге ешбір тылсым күш адамзаттың жан-жүрегінен жұлып алып тастай алған жоқ. Ол Алланың адамзатқа берген ең ұлы сыйы, мейір-шапағатының түгесілмес сәулесі. Біздің дәуірімізге дейін ежелгі Грекияны мекен еткен Тоқсары (Токсарис) бабамыздың сөзімен айтсақ, «рух өлмейді, рух көшеді». Біз тек сол ізгілік ұрығын қуратып алмас­тан құнарлы топыраққа сеуіп, көктете бергенде ғана қазақ патриотизмінің шынайы кескін-келбетін сомдай алмақпыз.

Ал, нақ бүгінгі күн шындығының көзімен қарасақ, біз сол ұрықты өндіріп, өсіріп, жапырағы жайқалған алып дараққа әлі де жеткізе алмай жатырмыз. Бейнелеп айтсақ, ұлттық патриотизм ұрығынан көктеген бүгінгі талдың бұтақтары и

Соңғы жаңалықтар