• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

310 рет
көрсетілді

*«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша бірінші жарты жылдықта 4,4 мың пәтер тапсырылды.Бұл туралы кеше «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ҚТҚЖБ) басқарушы директоры Мұрат Шәріпов мәлім етті.

*«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша бірінші жарты жылдықта 4,4 мың пәтер тапсырылды.Бұл туралы кеше «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ҚТҚЖБ) басқарушы директоры Мұрат Шәріпов мәлім етті.

*Бүгін Алматыда аймақтық «Қазақ­стан­ның үздік тауары» байқау-көрмесі болады. Осы күні салтанатты түрде байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, оның соңы концертке ұласады.

*Боксшы Геннадий Головкин Қа­рағандының құрметті азаматы атанды. Кеше қалалық мәслихаттың кезекті ХХІІ сессия­сында депутаттар осындай шешім қабылдады. Бұл тізімді осы күні физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Көкетай Темірғали мен бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Әшляев толықтырды.

*Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында көп қабатты тұрғын үй қанат жаяды. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында жасалатын бұл жоба бойынша 60 пәтерлі 8 тұрғын үйдің орны анықталып, сызбасы дайын болды.

*Өскемендегі этнобақ маңында «Ұлы Жібек жолы» аймағы бой көтереді. Онда Ежелгі Қытай мен Үндістанды еске түсіретін ғимараттар мен сауда орталықтары салынады.

*Қызылорда қаласында 31 көшеге жаңадан бағдаршам орнатылады. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Нұр Отан» партиясы филиалының кезектен тыс конференциясында бұл үшін бюджеттен 17 млн. теңге бөлінгенін айтты.

*Қостанай қаласының тәртіп сақшылары 116 жүргіншіге қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл жол полицейлерінің қатысуымен екі күн бойы жүргізілген рейдтің қорытындысында мәлім болды.

*Қазақстанның 8 облысында жалған ақша жасау оқиғалары тіркелді. Өткен жылдан бері қаржы полициясы органдары рес­публика бойынша жалған ақша жасаудың 44 фактісін анықтады.

*Жамбыл облысында 2 тоннаға жуық марихуана тәркіленді. Тасөткел ауылы маңындағы құмды аумақта бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған 38 жастағы Тараз қаласының тұрғыны осыншама есірткі затымен қолға түсті.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар