• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2013

Қазақстан көшбасшы ретінде танымал

580 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ақылбек Камалдинов Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан қаза тапқандарды еске алуға арналған 68-ші бейбітшілік шарасына, Атом және сутегі бомбаларына қарсы дүниежүзілік конференцияға, сондай-ақ, «Бейбітшілік үшін мэрлер» атты 8-ші Халықаралық қозғалысының бас конференциясына қатысты, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Жақында Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ақылбек Камалдинов Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан қаза тапқандарды еске алуға арналған 68-ші бейбітшілік шарасына, Атом және сутегі бомбаларына қарсы дүниежүзілік конференцияға, сондай-ақ, «Бейбітшілік үшін мэрлер» атты 8-ші Халықаралық қозғалысының бас конференциясына қатысты, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.Дүниежүзілік кон­фе­рен­ция­­ның ашылу рәсімінде А.Ка­малдинов қатысушыларға Қазақстан Прези­дентінің арнайы жолдауын оқып берді.«Қазақстандықтар үшін яд­ролық полигонның жабылуы еркіндік пен даналықты, бола­шақ­қа деген сенімді айғақ еткен тари­хи шешім. Біз өз ісімізбен әлем­ге бейбітшілікке апарар жолды көрсете білдік», делінген жолдауда. Аталған шаралар барысында елші жаңадан тағайындалған Жапония Парламенті кеңесшілер палатасының президентімен, Хиросима қаласының мэрімен, «Бейбітшілік үшін мэрлер» атты қозғалыстың президентімен, На­гасаки қаласының мэрімен, сондай-ақ, Хиросима қаласының мәдениет және бейбітшілік қорының төра­ғасымен кездесті. Сонымен қатар, А.Камалдинов 9 тамызда Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасынан қаза тапқандарды еске алуға арналған бейбітшілік шарасына да қатысады.Қазақстан Жапонияда өңірлік және ғаламдық қауiпсiздiктi қам­та­масыз етуге баға жетпес үлес қо­сып келе жатқан ел ретінде, қа­ру­сыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы көшбасшы ретінде танымал.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар