10-16 ақпан аралығына Тайландтың Удон Тхани қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Olympic.kz осы додаға қатысатын құрамның анықталғанын хабарлады.
Құрлық додасында Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Ерлер:
Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко;
Дмитий Яковлев/Сергей Богату;
Алексей Кулешов/Артем Петросянц
Әйелдер:
Бақытгүл Самалықова/Ирина Цимбалова;
Алина Раченко/Анастасия Уколова.
Аталған Азия біріншілігінде Олимпиада ойындарына жолдама берілмейді. Лицензиялық турнир маусым айына жоспарланған.