• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2020

Димаш Құдайберген: Мен тек Қазақстанның атынан қатысамын

1038 рет
көрсетілді

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Еуровидение байқауына Ресей атынан қатысудан бас тартты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады.

Жылдың басты оқиғасы болып табылатын Еуровидение байқауына Димаш Құдайберген тек қонақ ретінде қатысатыны жайлы мәлімдеді.

- «Құрметті достар, Еуровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хат келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мүмкін. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол - менің Отаным Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің «Арнау» атты жеке концерттік турнемде кездескенше!» - деді Димаш Құдайберген.