• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Ақпан, 2020

Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын таныстырды

395 рет
көрсетілді

Бүгін Ақордада Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылға арналған жаңа жобаларын таныстырды.

«Өңірлерде жобаларды сапасыз жоспарлау проблемасы бар. Бастапқыда қойылған мақсат күткен нәтижеге сай келмей қалған тұстар кездесті. 2020 жылға арналған жаңа жоспар аталған проблемаларды ескере отырып жасалды. Мемлекеттік хатшымен бекітілген ол 122 бөлімнен тұрады», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, жоспар негізгі үш бағытта жүзеге асырылады.  

«Сапа көтерілер деген сенімдеміз. Бөлімдердің санын екі есе қысқарттық. Жоспар негізгі үш бағытта жүзеге асыруды көздейді. Біріншісі – жеке даму. Екіншісі – ұлттық бірегейлік пен халықаралық таныстырылым. Үшіншісі – мемлекеттің, азаматтық қоғам мен жергілікті қоғамдастықтардың дамуы. Бұған дейін айтқанымдай, биыл құжат бойынша шаралар легі екі есе қысқарды. Осы шаралардың үштен бірі ғана форумдар мен фестивальдардан, сайыстар мен конференциялардан тұрады», - деді Дәурен Абаев.