• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2013

Жаңа жүйенің пайдасы

310 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы жедел медициналық жәрдем стансасы   республикалық байқауда үздік атанды.

Облыс орталығындағы жедел медициналық жәрдем стансасы   республикалық байқауда үздік атанды.Павлодарлықтардың топ жаруына дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен қызмет көрсетудегі шапшаңдығы, заманауи жабдықтармен жұмыс жасай білетіндері жол ашты. Бұл күндері облыс орталығындағы жедел жәрдем стансасы басқа облыстарды айтпағанда, Астана мен Алматыға енді ғана жеткен GPS-навигациясы жүйесін пайдалануда. Бұл жүйе қазір облыс орталығынан тыс аумақтарда да қолданыла бастапты. Тосын оқиға орын алып, адамдар зардап шеккен жағдайда дәрігерлер дереу сол жаққа жетеді немесе жақын орналасқан амбулаториялық ауруханаға хабарласады.

Бұл қондырғылар қуат көзінсіз екі сағат жұмыс істей алады екен. Қоңырау шалған адамның байланыс нөмірі автоматты түрде сақталады. Дәрігерлер жан-жақты жабдықталған реаномобильдегі арнайы құралдар арқылы реанимацияға жеткізілуі тиіс науқастарға алғашқы көмек көрсете алады. Дәрі-дәрмек, оттегі аппараты, реанимациялық сөмке, әр дәрігерде планшет бар. Бас дәрігер Қанадан Қанашұлының айтуынша, 26 бригада күн сайын 500-ден астам сырқатқа қызмет көрсетеді.

Жедел жәрдем стансасында 76 дәрігер, 170 фельдшер, барлығы 544 қызметкер күні-түні еңбек етуде. Ұжымға өткен жылы 11 жас дәрігер келіп қосылыпты. Станса жанынан аудандардан келетін дәрігерлер үшін оқу орталығы ашылған.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.

Соңғы жаңалықтар