• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2013

Енді не болар екен?

370 рет
көрсетілді

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасы Тирана қаласында Албанияның «Скендербеу» клубымен өткен кездесуде екі ойынның нәтижесі бойынша Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

 

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасы Тирана қаласында Албанияның «Скендербеу» клубымен өткен кездесуде екі ойынның нәтижесі бойынша Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Бұл кездесуде әуелі Сергей Хижничен­ко­ның есепті ашуға мүмкіндігі болған. Ол алаңның ортасынан әдемі шығарылған пас­ты ұтымды пайдаланса да, сол қапталдан жалғыз өзі қақпашымен бірде-бірге шығып, доп соғу мүмкіндігін жіберіп алды. Доп қақпаның сол жақ бұрышының жанынан өтіп, қиыс кетті. Осыдан кейін алаң иелері шабуылды үдете түсіп, бірінші таймда үш гол салды. Алдымен, 9-минут­та Томич есеп ашты. Ол «Шахтердің» айып алаңында қорғаушылардың бір-бірін түсінбеушілігін пайдаланып, бар-жо­ғы бір метрден гол соқты. Осы ойында Кумыковтың бір қателігі, бірінші таймда бес бірдей қорғаушыны алаңға шығарғандығы деп ойлаймыз. Осының кесірінен албандар шабуылды жиілете түсіп, Мокиннің қақпасына қауіпті жағдайларды бірінен соң бірін туғызып отырды. Қақпаны алыстан да, жақыннан да көздеді. Сондай сәттердің бірінде алаң иелері айып доп алаңында екі рет құлап, пенальти соғуға мүмкіндік алды. Албандардың шабуылшысы Шкемби бұл екі мүмкіндікті де 20 және 29-минуттарда жіберген жоқ. Есеп – 0:3.

Осыдан соң «Шахтер» есін жиып, қарым­та шабуылдарға шығып, бірінші таймның соңында есепті қысқартты. Біздің жақтан голды Сергей Хижниченко соқты. Ал екінші таймда Малыйдың орнына алаңға шыққан Мақсат Байжанов өзіне келген мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Осылайша біздің ойын­шы­лар сырт алаңда жеңілгенімен, келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алды. Қорытынды есеп – 3:2. Алда не болады, оны енді уақыт көрсетеді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар