КСРО-ның бірінші және соңғы президенті Михаил Горбачев осының алдында бұқаралық ақпарат құралдарында тарап кеткен өзінің өліп қалғаны туралы хабарды жоққа шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Мен дін аманмын. Әлі өлгенім жоқ. Былайша айтқанда, Горбачевті таптағысы келеді ғой», - деп жауап берді ол ИТАР-ТАСС тілшісіне.
Осының орайында Михаил Сергеевич бұл өзінің өлгені жайлы қауесеттің бірінші рет шығып тұрғаны емес екенін күліп еске алды.
Ал бұл жолғы ақпар 22 мамыр күні әлеуметтік желілерде жарияланған еді. «Бұған ешқандай назар аударма! – деді Горбачев. – Мені бұлар баяғыдан жерлегілері келіп жүр. Ал менің денім сау, тірімін».
Мұрат Айтқожа.