• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2013

Қытайда автобус пен жүк көлігі соғысы (Видео)

310 рет
көрсетілді

Қытайда өткен аптада туристер автобусын мен жүк көлігі соғысып қалды. Осы көрініс артынша бейнежазба арқылы ғаламторға шықты. Бұл туралы «Еуроньюс» телеарнасы хабарлады.

Бейнематериалды көлікте орнатылған бірнеше бақылау камералары түсіріп алған. Автобус жүргізушісі жол бойында қажетті бұрылыстан өтіп кеткен соң, тоқтап, артқа шегінбек болған. Сол кезде туристер толы автобусқа қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинасы соғылған.

Автобус аударылып қалған. Соққының қаттылығы соншалықты жүргізуші терезеден сыртқа ұшып кеткен. Сыртқа құласа да жүргізуші тірі, жолаушылар да дін аман. Алайда жүк көлігінің жүргізушісі жол апатында көз жұмды.

 

Мұрат Айтқожа.

          

{youtube}zf2so26NXeI{/youtube}

Соңғы жаңалықтар