Қазақстан Республикасының СІМ Түркияның Ыстанбұл қаласындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты.
«Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды» делінген хабарламада.