• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2020

Qazforum: Қазақ қоғамына қандай медиа қажет екені талқыланды

273 рет
көрсетілді

«Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?» тақырыбы елордада өтіп жатқан Qazforum 2020 қазақтілді медиа өкілдеріне арналған форумның пленарлық отырысында көтерілді.

Белгілі саясаттанушылар Айдос Сарым және Самат Нұртаза, Tarlan.kz веб-сайтының бас редакторы Нұрғали Нұртай, Nege.kz веб-сайтының бас редакторы Ерік Рахым, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғара еліміздегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарына нарықтандыру үдерістері мен соңғы саяси өзгерістердің әсерін талқылады.

Қатысушылар Интернет пен жаһандық цифрландыру ғасырында жаңа медиа мен дәстүрлі БАҚ-тың сұранысы туралы сұрақтарға жауап беруге тырысты.

«Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараның айтуынша, бүгінгі қазақтілді баспасөзде көтеріліп жатқан тақырыптар аясы кең. Журналистер цифрландыру, IT, digital саласын терең зерттеп, оқырманға сапалы сараптамалық мақалалар ұсынып жүр.

Сондай-ақ Н. Байғара баспасөздің электронды БАҚ-пен бәсекеге түсуі үшін дәстүрлі жолдармен қатар, соңғы технологияларды меңгеріп, аудитория сұранысына сай форматта ақпарат таратуды үйренгені  абзал екенін айтты.